Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып, адамдарды басып қалды

Сурет: Павлодар облысы ТЖД
7 шілдеде Артур сауда үйінің шатыры жазғы дәмхананың үстіне құлаған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар үйінділер астында қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына 4 қызметкер мен бір ОСО техникасы, апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері шықты.

"Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 1975 жылы туған бір ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оның екі аяғы сынған деген диагноз қойылды. Жұмыс жалғасып жатыр", - деп хабарлайды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды.

Басқа мәліметтер нақтыланып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде павлодарлық жігіттің танысудан бас тартқан қыздарға тас лақтырған видеосы тараған еді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты