Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты

Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 10:26 Сурет: Zakon.kz
Алматыда ірі өрт болды. Қала үстіне қою қара түтін көтеріліп, оны таудан да көруге болады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан шыққан.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ашық жалынға оранған. Өрттің көрші нысандарға таралу қаупі болған.

Өрттің ауқымы алыстан да байқалады. Қою қара түтін қала үстіне биікке көтеріліп, оны таудан да көруге болады.

Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 10:26

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Өрт сөндіру штабы құрылды.

Алматыда өрт шығып, қаланы қою қара түтін басты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 10:26

Сурет: Zakon.kz

Қазір жағдай өрт сөндірушілердің бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар жанып жатқан ғимараттың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің редакцияға хабарлауынша, өрт сағат 9:37-де оқшауланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: