Будақтаған қара түтін Алматы қаласы тұрғындарын шошытып жіберді

Қара түтін, өрт, Алматы, құрылыс заттары қоймасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 13:17 Сурет: t.me/kris_p_almaty_official
Алматыда Әуезов ауданы көгінде будақтаған қара түтін қалалықтардың дегбірін қашырды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру бригадасы 8 маусымда түсте Момышұлы көшесі, 11/1 мекенжайына шақырту бойынша атанды. 20 шаршы метр аумақты шарпыған 40 тонналық контейнерде пеноплекстер өртенген. 


"Өрт сағат 12:09-да ауыздықталып, 12:12-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның жеке құрамынан 16 қызметкер және үш дана техника жұмылдырылды". Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: