Алматыда будақтаған қара түтін: қойма емес, жеке тұрғын үй өртенген

Алматылықтар әлеуметтік желіде қалада болып жатқан өрттің видеосымен бөлісуде. Қара түтін будақтаған бұл видеодағы өртті төтеншеліктер Әуезов ауданында болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Осы минуттарда Алматы қаласының өрт сөндірушілері Әуезов ауданы, "Мамыр-4" ықшам ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде болған өртті сөндіруде", - деп хабарлады ТЖМ.
Өрт сөндірушілер отты оқшаулап та үлгерген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетсек, желіде өрттің видеосы пайда болғанда, оған қойманы өртеніп жатқаны туралы сипаттама берілген болатын. Кейіннен өрт сөндірушілер бұл жеке тұрғын үй екенін нақтылады.
Айта кетсек, Жетісу облысында тауда батқан көлікке көмекке атанған құтқарушылар үш шақырым жаяу жүруге мәжбүр болғаны белгілі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript