Іс-шара аясында Қарағандының "Тәттімбет" атындағы академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрі жергілікті тұрғындарға арнап концерт өткізді. Екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастар, парламентаралық байланыстар, мәдени гуманитарлық іс-шаралар жайы айтылды. Моңғолиядағы қазақтардың IV кіші құрылтайы Өлгей қаласында да жалғасты. Мемлекет және қоғам қайраткерлері Құрманхан Мұқамәдиұлы мен Қызырхан Құ-бекұлдарының ескерткіші ашылып, "Ғұламаның ғұмыры", «Өмірім - өзім, ісім - ізім" атты кітаптардың тұсаукесері өтті. Құрылтайдың ашылуында Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқып берді. Президент екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтатын, мәдени байланыстар жоғары рөлге ие екеніне тоқталып, құрылтай жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды "Хабар 24".
Кездесуде "Отандастар қорының" президенті Абзал Сапарбекұлы жастардың білім алуы, қазақ рухани құндылықтарының шетелдегі қандастар арасында сақталып қалуына қазақ елінің қолдауы жайында айтты.
Құрылтай аясында қазақ мәдениеті мен тілінің дамуына ерекше үлес қосқан белсенділер, зиялы қауым және өнер қайраткерлері марапатталды.
"Жалпы Моңғолия қазақтары арасында: "Бермесең – алмайсың, бармасаң – алыстайсың" деген жақсы мақал бар. Бармасаң, келмесең – жат боласың. Бұның басты мақсаты – әрине, шетелдегі қазақтармен байланыстарымызды үзбеу. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақыда ғана Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда шетелдегі қазақтармен рухани байланыстарымызды дамыту басты мәселе екенін ол өзінің жеке назарында болатыны атап өткен. Сондықтан бұл сапардың басты мақсаты –֪ мынау Моңғолияда тұрып жатқан оның ішінде Баян-Өлгейде тұрып жатқан қазақ қандастарымызбен қауышу. Қандастарымызбен отырып ортадағы келелеі мәселелерді талқылау". "Отандастар қоры" КЕАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы