Найзағай, бұршақ және аптап ыстық: 12 шілде күні елімізде ауа райы қандай болады

Сурет: pixabay
12 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, дегенмен кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 12 шілдеде антициклонның кетуімен республиканың басым бөлігінде күн ашық болатынын мәлім етті. Алайда республиканың батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Жалпы республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің ірі қалаларында: Астана, Алматы және Шымкентте күн өте ыстық болады.

Астанада – оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз +37+39°C;

Алматыда – желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +33+35°С;

Шымкентте – шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз +37+39°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған