Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 22 фактісі анықталды

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бақылауымен 1 айға жоспарланған арнайы іс-шара жүргізілуде.

Оған ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Департамент бастығының қадағалауымен құрылған топпен атқарылған шара барысында 20 тәулікте 22 факт анықталды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Мәселен "Шымкент-Бадам-Арыс" тас жолының бойында орналасқан Бадам тас карьерінде заңсыз тас артып шығып келе жатқан "КАМАЗ" және "HOWO" маркалы ауыр жүк көліктері анықталып, айыптұраққа қойылды. Аталған жайттар бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әкімдіктің тиісті мамандарымен полицейлердің күн тәртібінен түспей, арнайы шаралар облыстың барлық аумағында өз жалғасын табатынын еске саламыз." Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды