Синоптиктер елімізде 45 градус ыстық болады деп болжады

Сурет: pixabay
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, бүкіл кезең ішінде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі бар.

"Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

"14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады". "Қазгидромет" РМК
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі