Бұл су торабы әбден шіріп-тозған. Онымен қажетті мөлшерде су жіберу мүмкін болмай отыр. Қазір құрышты қалада су кесте бойынша таңғы сағат 6:00-ден 10;00-ге дейін және кешкі 18:00-ден 23:00-ге дейін беріліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы ұзындығы 27 шақырым құбырдың биыл 5 шақырымы ауыстырылады. Су станциясы мен қалаішілік біраз құбырлар жөнделген. Биыл да Теміртауда жылу тораптарына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұған қоса кешелі бері өңірде күн 35-36 градусқа дейін ыстық болған соң, суға да сұраныс көбейді. Резервуарларды уақытылы толтырып алу мүмкін болмай отыр дейді мамандар.
"Ең басты құбырымыз бар. Оған 1970 жылдан бері жөндеу жасалмаған. Сондықтан үлкен тозуға байланысты бұл құбырмен біз суды толыққанды бере алмай отырмыз. Бүгінгі күні жалпы 7 атмосфераға дейін қысымын көтеруге болады. Бірақ бүгінгі тозуға байланысты небәрі 5,5-6 атмосфераға дейін ғана көтеріп отырмыз. Егер одан артық қысым беретін болсақ ол құбыр бізде шыдамайды." Ринат Қадырбеков, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары