Шығыс Қазақстан облысында шыршаны кесуге тыйым салынды

Сурет: ҚР ТЖМ
Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өрт сөндіру үшін ағаш кесуді қоспағанда, шыршаларды санитарлық кесуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Шырша көшетіне майқарағайлы, самырсын, шырша жатады. Бұйрық 2023 жылғы 23 шілдеде күшіне енеді.

17 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында Катонқарағай саябағы мен Батыс Алтай қорығында өрт шықты. Өртті сөндіруге "Қазавиалесоохрана" мекемесінің қызметкерлері, орманшылар, жергілікті атқарушы органдар, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әуе бөлімшесінің жеке құрамының 111 адамы, үш техникасы және екі тікұшағы жұмылған. Өрт 19 маусымда сөндірілді.

26 маусым күні облыста Приморск орман шаруашылығы аумағында тағы бір өрт шығып, өртті сөндіру барысы таулы, тасты жерлерге байланысты қиындаған.

5 шілдеде Асубұлақ орман шаруашылығында ірі өрт шығып, ол 200-ден астам адам мен 25 техниканың күшімен ауыздықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек