Қарағанды облысының тұрғыны көршісінің бұзауын ұрлап, сатып жібермек болған

Сурет: primeminister.kz
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс-шараларын өткізді.

Сағат 09:00 шамасында тәртіп сақшыларының назары ауыл жақтан дала жолымен келе жатқан жеңіл көлікке ауған.

Полиция қызметкерлері 43 жастағы азаматтың басқаруындағы күдік тудырған көлікті тоқтатты. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында жүк салғышта бұзаудың барын білген.

Жүргізуші көлікке тиелген бұзаудың өзіне тиесілі екенін дәлелдейтін ешқандай құжат көрсете алмады. Тексеру жұмыстары барысында 43 жастағы азамат бұзауды көршісінен ұрлап алып, сатып жібермекші болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін