Мемлекеттік органдардың жауаптарына не үшін арнайы белгі қою ұсынылды

СМИ, средства массовой информации, масс-медиа, журналисты, журналистика, издания, пресса, корреспонденты, репортеры, медиа, репортеры, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 14:06 Фото: Zakon.kz
Елімізде мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялағанда арнайы белгі қою ұсынылды. Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифингте мұндай белгі оқырманға ресми ақпаратты ажыратуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ұсыныс онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге енген.

"Жалған ақпарат көп таралып жатқанда, ресми мәліметті түрлі жорамалдар мен бұрмаланған түсіндірмелерден ажырату үшін арнайы белгі қажет. Кейде азаматтар ненің рас, ненің өтірік екенін ажырата алмай жатады. Мәселен, белгілі бір мәлімдемені министрліктің өзі жасады ма, әлде оны біреу әдейі ойдан шығарды ма деген күмән туындаған жағдайлар тәжірибемізде кездесті", – деді министр.

Қырықбаевтың айтуынша, аталған норма осындай жағдайларға байланысты ұсынылған.

"Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Заң қабылданғаннан кейін осы мәселе бойынша заңға тәуелді арнайы нормативтік құқықтық акт қабылданады", – деді ол.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: