Құрылтайда мемлекеттік органдардың БАҚ сауалдарына қалай жауап беретінін бақылау туралы ұсыныс қаралады
Фото: freepik
2026 жылғы 18 қарашада Құрылтайда өткен брифингте журналистер мемлекеттік органдардың БАҚ сауалдарына берген жауаптарының сапасына бақылауды күшейтуді сұрады. Депутат Александр Данилов бұл ұсынысты қарауға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Даниловтың пікірінше, жауаптың сапасын бағалауда субъективтілік бар. Сондықтан жауап сапасына қойылатын талаптарды заңда қалай тұжырымдауға болатынын ойластыру қажет.
"Кейбір сауалдар тікелей жауапты қажет етеді. Жауаптың қалай жазылғаны да маңызды. Жауап сапасына қойылатын талаптарды заңда белгілей аламыз ба, соны ойластырып көрейік. Ол талаптарды әркім әрқалай түсінбес үшін заң тұрғысынан нақты тұжырымдау керек", – деді Данилов.
Депутат журналистердің бұл мәселені орынды көтергенін айтты.
"Біз бұл мәселені талқылауға дайынбыз. Журналистердің жауап сапасына қатысты сауалы орынды. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – салалық министрліктің де, жалпы мемлекеттің де ең маңызды міндеттерінің бірі", – деді ол.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялағанда оларға арнайы белгі қою туралы ұсынысқа пікір білдірген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript