Елде құмар ойындар жарнамасына тыйым салынады

Сурет: pixabay
Мұны мәдениет және спорт министрі айтты. Кейінгі екі жарым жылда елде букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған.

Қазір төртеуінде лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жасалып жатыр. Жыл басынан бері 5 лицензия қайтарылды, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Асхат Оралов вице-министрлер, комитет төрағалары және аппарат басшысының қатысуымен осы мәселе бойынша кеңес өткізіп, осындай мәлімдеме жасады.

"Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін." Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз