Ақтауда полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторлары Мағжан Орынбаев пен қатардағы полицей Нұқатов Нұрхат "Жартас" бекетінде әдеттегідей қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау мақсатында қызметте болған.

Оқиға 12 шілде күні сағат 14:00 шамасында болды. Полиция қызметкері М.Орынбаев бейнебақылау камерасы арқылы 4А шағын аудандағы теңізде суға батып бара жатқан адамды байқап қалған.

Еш ойланбастан, полиция қызметкерлері бірден сол жерге барады.

Тәртіп сақшылары теңізге жақын жерде жатқан бөденені ер азаматқа қарай жіберіп, судан шығарып алды.

Құтқарылған жігіт төтенше жағдайлар департаменті мен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқыс оқиғадан арашалап, өмірін сақтап қалған патрульдік полицейлерге 19 жастағы азамат алғысын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды