Ақтөбеде үш жасар бала 5-қабаттан құлап кетті

Сурет: unsplash
Ақтөбеде үш жасар бала 5-қабаттан құлап кетті. Ауыр жарақат алған науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, бала 5-қабаттан құлап кеткенде ата-анасы да пәтерде болған екен. Бірақ қараусыз қалған бүлдіршіннің терезе алдына қалай шығып кеткені белгісіз. Қазір оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Полицияның мәліметінше, қалада бүлдіршіндердің биіктен құлау дерегі жиілеген. Жыл басынан бері осымен алтыншы бала терезеден құлап кетіпті.

Ал дәрігерлер үш жасар ұлдың жағдайы өте ауыр екенін айтады. Сондықтан қандай да бір болжам айтуға болмайды дейді. 

"Баланы жансақтау бөліміне көтердік. Диагнозы бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, гемопневмоторакс екі жағында, бауыры зақымдалған. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ол ИВЛ-аппаратымен демалып жатыр".Ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері Ербол Жапақов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін