Түркістан облысында ағайынды екі азамат сора өсірген

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері ағайынды екі азаматтан 1350-ден астам түп сора тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсірді деген күдікпен бұрын сотталған екі ағайындыны анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілердің бірінің үйінен сораға ұқсас құрамында есірткі заты бар өсімдіктің 1300 түбін анықтап, тәркіледі.

Әрі қарай жедел уәкілдер, оның інісінің үйін тінту кезінде есірткіге ұқсас 59 түпті тәркіледі. Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, айғақты заттар жалпы салмағы 55 келіден астам сора болып шықты.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта екі ағайындыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін