Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,99 теңгені (-0,14) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 501,73 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 444,5-447,5 теңге, еуро 497,5-502 теңге, ресей рублі 4,81-5,03 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 18 шілдедегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 0,10%-ға өсіп, барреліне 78,58 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері барреліне 0,23%-ға өсіп, 74,25 долларды құрады.