Астана маңындағы Кіші Талдыкөлге қатысты мәселе шешімін табар емес

Сурет: pixabay
Астана маңындағы Кіші Талдыкөлге қатысты мәселе шешімін табар емес. Экологтар су алқабының 70 пайызы жасанды жолмен құрғап қалды деп отыр.

Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, түрлі нысандар бой көтеріп жатыр. Табиғат жанашырлары 2020-жылдан бері көлді сақтап қаламыз деп, күресіп келеді.

Жоғарғы сотта осы іске қатысты кезекті сот отырысы өтті. Экологтар құрғатылған жерлерді қайта қалпына келтіруге болады дейді. Осы арқылы табиғатқа зиян келтірмей, ондағы құстарды да сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Ал қала әкімдігінің өкілдері Кіші Талдыкөлдің сулы-батпақты жері зиянды заттардан тазартылып, бір бөлігінің суы сақталады деп отыр. Аумағы абаттандырылып, түбі тереңдетіледі. Осылайша бұл жерде қалалықтар мен шаһар қонақтары серуендеп, демалатын орын пайда болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды