Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңге жымқырған

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысына қарасты Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн теңгеден астам қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Белгілі болғандай, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған.

"Onlinebank HALYK" бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген.

Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан есепші балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. Осылайша сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды.

Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды