Қазақстанда ІІМ, Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Үкіметтің 2023 жылғы 15 шілдедегі қаулысымен азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары жүйесі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары (тарифтік ставкалары) белгіленген лауазымдық жалақы ставкаларына түзету коэффициентін пайдалана отырып айқындалатын болады:

Жарлық 2023 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бұған дейін 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақысына 100 пайыз көлемінде қосымша ақы алатынын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған