Отбасымызға сабақ – Садыр Жапаров жиенінің тұтқындалуы туралы

Сурет: wikimedia
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров журналистерге жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл жағдайдың "қалған туыстарына сабақ болатынын" мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте ішкі және сыртқы адамдар жоқ. Заңды бұзғаны үшін сотталғандардың барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды 24.kg.


"Қазір заман басқа. Барлығына бірдей қарайды. Жемқорлықпен айналыссаң қамауға алынасың. Мемлекетке келтірілген шығынды екі еселеп өтесең, бостандыққа шығасын. Әйтпесе түрмеге жабыласың. Мен араласып, осы адамды қамауға болмайды десем, қалғандары да заң бұза бастайды. Қырғыздарда жақсы сөз бар: "Бір жаза мыңдаған адамға сабақ". Садыр Жапаров

Президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша айып тағылып отыр. Оны қазір Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.

Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі