25-27 шілде аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, елордада, Шымкентте және оңтүстік астанада жаңбыр жауады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және +42 дейін аптап болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада:

25 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады, оның екпіні түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +28+30°С;

26 шілде көшпелі бұлтты, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С;

27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.

Алматыда:

25 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С;

26 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С;

27 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С.

Шымкентте:

25 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +40+42°С;

26 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +40+42°С;

27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +37+39°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы