Алматыдағы Медеу ауданына қашан су берілетіні туралы уақытша кесте жарияланды

"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және судан ажырату кестесін әзірледі.
"Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға және жағдайларға байланысты түзетіледі. Барлық өзгерістер туралы қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз. Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін ұлғайту мақсатында су тұтынудың үлкен көлемі бар объектілер (автожуу, монша) судан уақытша ажыратылды. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі", - делінген "Алматы су" хабарламасында.

Медеу ауданында суды беру мен судан ажыратудың уақытша кестесі ағымдағы жылғы 27 шілдедегі сағат 14.00-ден 28 шілдедегі сағат 19.00-ге дейінгі кезеңде қолданыста болады. Резервуарларда суды толтыру үшін әзірленген уақытша кесте қажет.

27 шілдеге арналған кесте

28 шілдеге арналған кесте

Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезеңде суды автоцистерналармен тасымалдау жүзеге асырылады. 27 шілдеден бастап су жеткізу бойынша арнайы көліктердің жалпы саны 18 бірлікке дейін ұлғайтылды.

Сумен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды. Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109. «Алматы Су» МКК диспетчерлік қызметіне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болдаы: 274-66-66, +7 777 852 91 01. Сонымен қатар ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселелері бойынша өтінімдер Медеу ауданы әкімі аппаратының мына нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудың шектеулі жағдайы тек табиғи құбылыстарға байланысты. Мұздықтардың қатты еруіне байланысты, қалыпты жылу, сел ағындары және өзен жағалауларының шайылып, лайлануының салдарынан таулы өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр.


Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: