Алматы орталық ауруханасының басшысы Табынбаев қызметінен босатылды

Сурет: almaty-cgkb.kz
Алматы орталық клиникалық ауруханасының директоры Нариман Табынбаев үш науқас ВИЧ індетін жұқтырған соң қызметінен босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Иран Шәметеков 28 шілдеде өткен брифингте Орталық клиникалық аурухананың директоры қызметінен босатылғаны туралы ақпаратты айтты. Ол аурухананың тағы бірнеше қызметкерінің де қызметтерінен босатылғанын жеткізді.

"Қазіргі жағдайды ескере отырып және комиссияның қорытындысы негізінде қалалық аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев жұмыстан шеттетілді. Бас дәрігердің эпидемиология жөніндегі орынбасары, реанимация бөлімінің меңгерушісі, аурухананың бас медбикесі және реанимация бөлімінің бас медбикесі жағымсыз себептермен жұмыстан босатылды", - деді Иран Шәметеков.

Процессуалдық шешім қабылдау және әрбір қызметкердің жауапкершілік шарасын белгілеу үшін комиссия жұмысының қорытындысымен материалдар мен анықтамалар қалалық ПД-на жолданды.

"Қазіргі таңда АИТВ-инфекциясын жұқтырған үш науқас ЖИТС орталығына тіркелді, жеке емдеу режимі бойынша антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді, оларға жергілікті бюджет есебінен барлық қажетті медициналық-психологиялық көмек көрсетілуде".Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков.

Ауруханадағы науқастарға ВИЧ індетін жұқтыруға кім кінәлі екені бұған дейін белгілі болған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды