Еліміз бойынша 30 шілдеге арналған күн райы болжамы жарияланды

Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК 30 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан Республикасының батысында шаңды дауыл күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республика бойынша жел күшейеді болжанды". "Қазгидромет" РМК

Күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарының оңтүстігінде 35-42°С аптап ыстық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 42°С өте қатты ыстық болады.

Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар деп болжанды.

Атырау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, батыста және солтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты