Алматының Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілді

"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу ауданында суды беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биыл 31 шілде сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жарамды.

"Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудағы шектеу табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындауда қажетті су көлемін уақытша ала алмай жатыр. Суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлылық деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында", - делінген хабарламада.

Кесте 31 шілде мен 02 шілде аралығында су беру кестесі:

Сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өтініштер үшін жедел желілер ұйымдастырылды.

Бірыңғай диспетчерлік қызметтің телефоны: 109.

"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66, +7 777 852 91 01.

Ауыз суды (су тасығыштарды) тасымалдау және биотуалеттерді орнату мәселесі бойынша өтінім Медеу ауданы әкімі аппаратының нөмірі бойынша қабылданады: + 7 775 594 90 94.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: