"Жабайы иттер шабуылдаған". Павлодар облысында 80-тен астам қой қырылды

Сурет: pixabay
Павлодар облысындағы ауылда 80-нен астам қой қырылды, ұсақ қара малға жабайы иттер шабуылдаған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған. 

"29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында ұсақ қара мал, атап айтқанда 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті". Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов

Оның сөзінше, ветеринариялық станцияның қызметкерлері екі жабайы итті ұстады. Олар 10 күн бақылауда болады. 

"Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құттыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады".  Ержан Ахметов

Аталған факт бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады, себептері анықталып жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс