Алматы облысында төрт күннен бері 13 мың адам сусыз отыр

Сурет: pixabay
Апат салдарынан Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары сусыз қалды. Әкімдік бұл мәселені әлі шеше алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев Zakon.kz тілшісіне ауылды сумен қамтамасыз ететін сорғы істен шыққанын айтты. Мамандар бұл мәселені әлі шеше алған жоқ.

"Дегенмен "Талғар су" мекемесі атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырды. Кеше қызметкерлері жұмысты түнгі бірде аяқтағанымен, жағдай өзгерген жоқ, шүмектерде әлі де су қысымы жоқ", - дейді тұрғындар.

Түнде су бірнеше сағат бойы ағып тұрды, бірақ қысым өте әлсіз болды. Ауыл тұрғындары резервке су жинап үлгермеді.

Дулат Дәулеталиев қазір ауылға су тасушылар арқылы жеткізіліп жатқанын айтты.


"Бүгін түнде қызмет көрсететін ұйым мәселені шешуге уәде беріп отыр", - деді әкім.

Қазір Панфилово ауылында 13 мыңға жуық адам тұрады.

Алматы облысындағы екі бау-бақша серіктестігі жаздың қызған шағында сусыз қалғаны осыған дейін хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды