Жол ережесін бұзғаны үшін балл есептеледі: ІІМ тәртіпті өрескел бұзатын жүргізушілерді бақылауды күшейтпек

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 13:43 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге арналған балдық жүйені енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жоспарға сәйкес, жол ережесін бұзған жүргізушілерге әкімшілік айыппұлмен қатар балл да есептеледі.

"Жол ережесін жүйелі әрі тұрақты түрде бұзуға болады деп есептейтін адамдар бар. Олар айыппұлдарын төлеп жүре береді. Бұған дейін сот орындаушылары арқылы олардың көлігін айып тұрағына қоюға, мүлкіне тыйым салуға әрекет жасалды. Алайда айыппұлды уақытында төлейтіндер өте көп екенін көрдік. Кейбір жүргізушілер жылына 50-100 айыппұлды дер кезінде төлей алады", – деді Игорь Лепеха.

Министр орынбасарының айтуынша, мұндай адамдарға қаржылық шаралар әсер етпейді.


"Сондықтан балдық жүйе енгізу туралы ұсыныс пайда болды. Бұрын Кеңес Одағы кезінде жүргізуші куәлігіне үш белгі салынатын. Әкелеріміз бен аталарымыз содан қатты қорқатын. Яғни полиция қызметкері жүргізуші талонына бірінші, кейін екінші белгі қоятын. Осыдан кейін адамдар жол ережесін бұзудан сақтанатын. Біз әр жүргізушіге жылына шартты түрде 20 балл беруді ұсынып отырмыз. Жол ережесін бұзудың ауырлығына қарай қанша балл шегерілетіні айқындалады. Мәселен, жылдамдықты сағатына 10 шақырымға асырғаны үшін бір балл, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін үш балл шегерілуі мүмкін", – деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ең қауіпті жолдарды атаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: