"Азаматтарға арналған үкімет" мекемесінің қызметкерін ҰҚК неліктен ұстағаны белгілі болды

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ұйымының Ақмола облысы филиалы басшыларының бірінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК 2023 жылғы 27 шілдеде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ұйымының жергілікті бөлімшесі бастықтарының бірін ұсталғанын мәлімдеді. Ол Қазақстанның аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымына жататын деректер базасындағы жер учаскелеріне қатысты мәліметтерді пайдакүнемдік ниетте заңсыз өзгертті деген күдікке ілінген.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне жүгінді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалының жер кадастрын тіркеу бөлімінің басшысын ұстағаны белгілі болды.

"Мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалының жер кадастрын тіркеу бөлімінің басшысын ұстауға мемлекеттік корпорация орталық аппаратының ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бастамашы болған. Бұған қоса айты кетерлігі, 2022 жылдың қазан айында аталған қызметкердің үстінен шағымдар түсіп, оған 2022 жылдың қарашасында жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласындағы заң бұзушылықтар үшін сөгіс жарияланды", - деп хабарлады Zakon.kz сайтына "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ұйымының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік корпорация аталған қызметкердің құқық бұзушылықтары бойынша барлық тиісті материалдар шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберілгенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды