ШҚО полицейлері діни сипаттағы тыйым салынған материалдарды сақтаудың үш дерегін анықтады

Сурет: Zakon.kz
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жыл басынан бері ҚР аумағында тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаудың 3 дерегін анықтаған.

Барлық аудио файлдар смартфондарда сақталған. Алғашқы фактілер ағымдағы жылдың қаңтар және наурыз айларында анықталған, онда облыс орталығының 31 және 33 жастағы екі тұрғыны, діни мазмұндағы материалдарды белгілі әлеуметтік желілердің бірінде жариялаған.

Діни материалдар тәркіленді. Үшінші дерек ағымдағы жылдың мамыр айында анықталды. Онда Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғыны ұялы телефонында тыйым салынған діни мазмұнды аудио кітапты сақтаған.

Жиналған материалдар дін істері басқармасына жіберіліп, дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша тыйым салынған діни мазмұндағы материалдардың мазмұны расталды.

Жоғарыда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы – (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті