Бейбіт Шүменов АҚШ-та іздестіріліп жатыр

Сурет: Instagram/beibutshumenov
Ішкі істер министрі Марат Ахметажанов тамыздың 8-і күні үкімет отырысында боксшы Бебут Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін деген болжам айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тергеу әлі жалғасып жатқанын, спортшыға іздеу жарияланғанын айтты. Әрі қарайғы жұмыстар заң аясында жүргізілуде.

Журналистер Бейбіт Шүменовтың әйелінің Америка азаматтығы бар екенін алға тартты.


"Сонда шығар. Қазір жеке нұсқау жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. (...) Тараптардың татуласуы мүмкін, өйткені орташа ауырлықтағы қылмыс". Марат Ахметжанов

Қазақстандық бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталығындағы жекпе-жектен кейін іздеуде болды.

Оқиға 2023 жылдың 18 маусымында болды, бірақ ол интернетте ер адамның қолында баласы бар басқа адамға шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланғаннан кейін ғана қоғамның наразылығын тудырды. Кейін шабуылшының бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, жанжал балалардың арасындағы жанжалдан басталғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды