Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сурет: mgdb-3.kz
Әлия Рүстемова Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылы 10 тамызда елорда әкімдігінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

"Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметіне Рүстемова Әлия Шайзадақызы тағайындалды", делінген хабарламада. 

Бұған дейін ол Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" бас дәрігері қызметінде болған.

Әлия Рүстемова 1970 жылы 8 наурызда дүниеге келген. 1992 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2007 жылы "Қаржы" мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек тәжірибесін Алматы облысы Талғар қаласындағы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен (1992-1993) бастаған. Көптеген жылдар бойы Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Петропавл және Астана қалаларының денсаулық сақтау саласында еңбек етті.

2018 жылдың маусымы - 2022 жылдың тамызына дейін "Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі