Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі елдің қорғаныс министрлері генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов "Қанжар-2023" бірлескен жедел-тактикалық арнайы оқу-жаттығуының екінші кезеңі өтетін Ақтау гарнизонының әскери нысандарында болды.

Тараптар жауынгерлік дайындық, әскери білім беру және әскери-патриоттық тәрбие саласындағы екіжақты қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар олар оқу-жаттығулардағы оқу-жауынгерлік міндеттерді бірлесіп орындау штабтар мен бөлімшелер іс-қимылдарының жеделдігі мен үйлесімділігіне қол жеткізуге, ұрыс жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін игеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан өзге екі елдің қорғаныс министрлері әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін де тоқталды.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әріптесіне Өзбекстан Қарулы күштері әскери оркестрінің "Астана – мәдениет керуені" халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне және "Ватан тайянчи" қозғалысы өкілдерінің "Айбын-2023" әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу соңында қорғаныс ведомстволарының басшылары қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы іске асырылуын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға сенім білдірді.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады