Қар аралас жаңбыр, аптап ыстық: 15 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 15 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда – жаңбыр мен көктайғақ түріндегі жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде жоғарылаған атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша екпінді жел соғады. Қазақстан Республикасының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Еліміздің орталығында күндіз синоптиктер бұршақ жауады деп болжап отыр.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз 37°С-қа дейін қатты ыстық күтіледі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Кейде найзағай. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды