Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Күндіз қалада аптап ыстық сақталады деп күтіледі: +35℃.
Күндіз Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында да найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз аптап ыстық болады деп болжанады: +35...+36℃. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде күндіз сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+36℃. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда да төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.