Алматыда тағы бір көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: pixabay
Алматыда жерасты газ құбырын жаңалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Папанин көшесі бойында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 15 тамыздан 15 қарашаға дейін Түрксіб ауданында Папанин көшесі бойында Беляков көшесінен Руставели көшесінің бұрышына дейінгі (Папанин көшесі, 53а) аралықта көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.

"Жоғарыда аталған жұмыстар Алматы қаласының газ тарату жүйесінің өткізу қабілетін ұлғайту үшін, сондай-ақ жерасты газ құбырын жаңарту мақсатында қажет, бұл өз кезегінде апатты жағдайлардың туындауын күрт қысқартып, мегаполис тұрғындарына газдың үздіксіз берілу мүмкіндігін арттырады. Орын алған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз". "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы