СҚО-да 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен азаматтың сүйегі табылды

Сурет: Zakon.kz
СҚО-да 2019 жылы тамыз айында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 шілде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Налобино ауылының маңындағы орманда жидек жинап жүрген жергілікті тұрғындар адам қаңқасына тап болды.

Бірден сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, орманда табылған адам сүйектері Налобино ауылының 1960 жылы туған тұрғыны болып шықты.

Ол 2019 жылғы 31 тамызда белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған.

Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер іздеу шараларын жүргізді, бірақ еш нәтиже болмады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті