БҚО полицейлері малшылардан қару-жарақ, қарасора мен киік мүйізін тәркіледі

Сурет: zakon.kz
БҚО ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тасқала ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің қыстағында мал бағумен айналысқан 32 жастағы және 38 жастағы ағайынды екі жігіт ұстады.

Олардың тұрғылықты орындарын тексеру барысында арнайы иісі бар өсімдіктер, қарасора тұқымы, ескі көліктің салонында өсірілген қарасора тұқымдас өсімдіктердің бұталары егілген 20 құмыра табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ 16 калибрлі ИЖ-К бір ұңғылы шолақ мылтық, 40 дана 16 калибрлі патрон, тоғыз киік мүйізі тәркіленді.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды