Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алатау ауданының полицейлері бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан 21 жастағы түркістандық азаматты ұстады.

Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің осыған ұқсас төрт ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

"Қылмыстық тізбекке сәйкес, күдікті жеке сектордағы екі дөңгелекті көліктерді қарап жүрген. Ол қолайлы сәтті күтіп, оларды ұрлап кеткен. Аталған барлық жағдай мопедтер иесінің қарауынсыз қалған кезде болған. Ол екі дөңгелекті көліктерді сатып, қылмыстық жолмен тапқан ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Н.есімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазір оның жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына мұқият тексеріс жүргізіліп жатыр", – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Асхат Дәулетияров.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды