Алматы полицейлері ұрлықпен айналысып жүрген азаматты құрықтады

Сурет: Zakon.kz
49 жастағы ер адам қаланың әртүрлі ауданында жасалған ұрлықтың жеті дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінді.
"Қаскөй негізінен Бостандық және Медеу аудандарында әрекет еткен. Тұрғын үй кешенінің автотұрақтарына, үйлердің кіреберістеріне кірген. Ол кіре берістерден велосипедтерді, тұрақтардан – сатуға болатын барлық нәрселерді – құралдар мен басқа да құрылғыларды қолды етіп жүрген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бөлімшенің қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының тумасы, тұрақты тұрғылықты жері және жұмыс орны жоқ 49 жастағы А.есімді азаматты ұстады. Ол ұрланған заттарды сатып, күн көріп жүрген. Тергеудің осы кезеңінде күдіктінің жеті эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұрлыққа қатысы бар екенін жоққа шығармайды", – деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Камал Келеспаев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің жеке басы қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз