Мүгедектігі бар азаматтар инватаксиді агрегатормен 2,7 мың рет қолданған

Сурет: Zakon.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттілгі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба басталғалы Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 2,7 мың рет көрсетілді.

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилот жоба жүзеге асып жатыр. Әдетте агрегатор жасалған сапарлардың төлем ақысынан платформаларының пайдасына белгілі мөлшерде пайыз аударса, мұндағы басты шарт сол пайыздың болмауы. Осы жұмысты қолдаған Яндекс компаниясы пилот жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.

Инватакси қызметін азаматтар пилот жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттігі туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке мінгізу және одан түсуге қалай көмектесуге болатыны секілді қажет нұсқауларды алады.

Пилот жобаға алғашқы кезеңде Астана және Алматыдан мүгедектігі бар адамдардың фокус-тобы қатысады. Осы қызметті алушылардың бірі Алматы тұрғыны Ильяс Фаткулин инватаксидің жаңа форматының ыңғайлы екенін айтты.

"Такси қызметтерін пайдалану өте ыңғайлы әрі оңайырақ болды. Алайда меніңше, ескі форматқа балама қалдыру керек. Өйткені егде жастағы адамдар немесе қосымша арқылы тапсырыс бере алмайтын да адамдар бар", – деді Ильяс Фаткулин.

Ол көліктердің 15 минутта жылдам келетінін және бұл алдыңғы инватакси қызметімен мүлдем салыстыруға келмейтінін, себебі инватакси қызметіне алдын-ала тапсырыс беріп, оны ұзақ күтуге тура келетін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты