Тоқаев Алматыдағы өрт қауіпсіздігінің жағдайын сынға алды

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамытуға арналған кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананы дамытудың негізгі мәселелерін шешу жүйелі шаралар қабылдауды қажет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ақпаратында Мемлекет басшысы таяуда "Ақкент" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өртті мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігі саласындағы ахуалды сынға алды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев келесі мәселелерді тапсырды:

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен 2023 жылғы 18 тамызда келді. Сапар аясында мемлекет басшысы қаланың гидротехникалық инфрақұрылымымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, сондай-ақ үкімет өкілдерінің қатысуымен Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары 2023 жылдың 1 маусымында пайдалануға берілген Аюсай селді ұстайтын бөгетті аралаудан басталды. Аюсай бөгетінің жанында президентке 31 цифрлық өлшеу стансасын құру бойынша пилоттық жоба ұсынылды.

Қазақстан
Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды