Қазақ тілін латын графикасына көшіру: Тоқаев Асқар Жұмаділдаевтың ой-пікірін тыңдады

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді. Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.

Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.

Сурет: akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады