Қазақстанда күн +22°С-қа дейін жылынады, бірақ кей өңірлерде қар жауады
Фото: pexels
Алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылынады. Алайда кейбір өңірлерде қар жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған 2026 жылғы 29–31 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Ал күндіз күн жылынады:
- - солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін көтеріледі;
- - батыс пен оңтүстікте ауа +17…+22°С-қа дейін жылынады.
"Қазанның соңғы күндері Қазақстанның батыс бөлігіндегі тұрғындарды ашық әрі жылы ауа райы қуантады. Мұнда ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Алайда елдің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың ықпалынан жауын-шашын, көбіне қар жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 28 қазанға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript