Тоқаевтың Вьетнамға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары барысында қандай құжаттарға қол қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. «Қазпошта» АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. «ҚазМұнайГаз» ҰK» АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

9. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

12. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президентімен келіссөздер жүргізген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз