Дархан Қыдырәлі: Биыл еліміздегі бірінші сынып оқушыларының 70%-ға жуығы қазақша білім алуды таңдаған

Сурет: видео скрині
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Өзекті" YouTube-жобасына берген сұхбатында осылай деді.
"Биыл мектеп табалдырығын аттайтын балалардың 70 пайызы қазақ сыныбына баруды таңдаған. Тек білім саласында емес, кез келген салада қазақ тіліне сұраныстың күрт өскенін көріп отырмыз. Жалпы, қазақ тілі қазір еліміздегі түрлі этнос өкілдері арасында трендке айналды. Бүгінде орташа есеппен ақпарат саласы аудиториясының 85 пайызы мемлекеттік тілдегі өнімді тұтынып отыр. Ал 14-35 жас арасындағы жастар интернет кеңістікте 70 пайыздан астам контентті қазақ тілінде іздеген", - деді Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, қазақ тіліндегі телевизиялық өнімдерге шетелде сұраныс көп.

"Бір жылда аудиовизуалды 100-ден астам өнім шетелге сатылды", - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты