Атыраулық тұрғыннан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді

Сурет: pixabay
Атыраудағы теміржол вокзалында 30 жастағы азаматшадан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді.

Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қаланың 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 80 кітап табылып, тәркіленді. Көлік полицейлері аталаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары ҚР "Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы" заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тарату тек діни рәсімдік ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда ғана жүзеге асырылатындығын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды