"Сергек" камераларынан алынған қазақстандықтардың деректері Қытайға жолданады – фейк

Сурет: Zakon.kz
Жол бойларында орнатылған "Сергек" камералары қазақстандықтар туралы ақпаратты Қытайға жолдайтыны туралы сыбысты билік жоққа шығарды. Мұндай дақпырт әлеуметтік желіде жарияланған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-да "Сергек" камераларының көмегімен алынған қазақстандықтар туралы ақпарат Қытайға жолданады деген жазба жарияланды, деп хабарлайды Stopfake.kz. "Сергек" камералары Қытайда шығарылғаны, сондықтан қазақстандықтар туралы ақпарат шетелге жіберілетіні туралы желі қолданушылары 2019 жылы айтқан болатын. 

"Бұл шындыққа жанаспайды. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен жұмыс алгоритмдерін толығымен қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламалық жасақтаманы әзірлеушілер – "Көркем Телеком" компаниясы.  2021 жылы аталған компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT-шешімдердің егеменді болуы аса маңызды екенін айтқан. Sergek Group баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Сергек" камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді", делінген хабарламада.

Sergek Group компаниясының баспасөз қызметі де Қытаймен байланыс туралы ақпаратты жоққа шығарып, камералардан алынған барлық дерек отандық серверлерде сақталатынын атап өтті.

"Сергек" қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қол жетімді. "Сергек" камераларындағы деректерді шетелдегі үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес", деп түсіндіреді компаниядағылар.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты